Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық офтальмология ауруханасы" ШЖҚКМК
0

   

2018 жылғы 15 қыркүйектен бастап халықты емханаларға бекіту жөніндегі науқан басталады

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау субъектілерінен ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 15604 тіркелген) сәйкес 2018 жылғы 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін  азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – ӘМСК) көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу кампаниясын жүргізуді басталуы туралы хабарлайды.

Тіркеу кампаниясы тек ТМККК шегінде және МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер, Денсаулық сақтау субъектілерінің деректер қорында тіркелген денсаулық сақтау ұйымдары арасында ғана өткізіледі.

Денсаулық сақтау субъектілерінің деректер қоры әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (www.fms.kz) интернет-ресурстарында орналастырылды.

Азаматтарды тіркеу ӘМСК ұйымдарында олардың жеке басын куәландыратын құжатты көрсетіп, тікелей немесе жазбаша немесе «электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы  өтінгенде жүргізіледі.

Он сегіз жасқа толмаған адамдарды тіркеу тіркелетін адамның және оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың бар болу кезінде жүргізіледі.