Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық офтальмология ауруханасы" ШЖҚКМК
0

   

2019 жылы 23 қаңтарында Атырау облыстық офтальмология ауруханасында "Медициналық этика және деонтология"тақырыбында семинар өткізілді.

Жалпы этика дегеніміз адамгершілік туралы және оның әлеуметтік мәні туралы ілім. Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің адамгершілік қасиеттерінде кѳрініс табуда. Ол медицина қызметкерлерінің ерекшеліктері мен қоғамда алатын орнына байланысты мінез-құлық нормаларын реттейтін қагидалар жиынтығын қамтып, дәрігердің науқастармен және олардың туыстарымен өзара қарым-қатынасын, тән және жан тазалығын қарастырады.