Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық офтальмология ауруханасы" ШЖҚКМК
0

   



Жастар жылы 2019

    Бүгін елордада Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылы салтанатты түрде ашылды. Шараның ашылуына Үкімет мүшелері, ҚР Парламенті депутаттары, жергілікті атқарушы орган басшылары, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар қатысуда. Сонымен қатар бұл жиынға шығармашылық, студенттік және жұмысшы жастардың өкілдері, жас спортшылар, дарынды балалар, заманауи медиа саласының өкілдері, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, жас әскери қызметшілер келген. Н.Назарбаев еліміздің бүгінгі негізгі жетістігі жаңа буын екенін айта отырып, Жастар жылының басталуымен құттықтады. «Менің айтайын деген негізгі мәселемнің барлығын әр салада көтердіңдер. Тәуелсіздіктің 27 жылында көп нәрсе жасадық. Көп жеңіске жеттік. Тәуелсіз Қазақстанды орнатып, мемлекетті дүниежүзі картасына қойдық.  Әрбір адам саясатқа келгенде, әсіресе, ел басқарамын деген үміті болса, халыққа жолдайтын ойы болуы керек. Сол жоспарды іске асырып, нәтижесін көрген саясаткер бақытты. Осы жылдар ішінде біз елімізді құрдық, экономиканы, мәдениет, денсаулық сақтау саласын көтердік, халықтың әл-ауқатын жоғарылаттық, дүниежүзі таңғалатын астананы салдық. Бірақ, ең негізгі жетістігіміз – сендерді, жаңа буынды тәрбиелеп шығардық. Бұл – Қазақстанның ең үлкен жетістігі, менің жұмысымның ең үлкен нәтижесі. Мен жастармен кездескеніме қуаныштымын және Жастар жылының басталуымен құттықтаймын», - деді Мемлекет басшысы.