Тегін не алуға болады – ТМККК
Мемлекет ТМККК шеңберінде тегін медициналық көмекке кепілдік береді. ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысына сәйкес ол келесі қызметтерді қарастырады:
- жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек (санитариялық авиацияны, сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде ұтқыр бригаданың қызметтерін қоса алғанда));
- емханаларда қызмет көрсету (неғұрлым кең таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және басқару, халықтың нысаналы топтары үшін скринингтер, жүктілікті бақылау, профилактикалық егулер);
- емханаларда қызмет көрсету (неғұрлым кең таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және басқару, халықтың нысаналы топтары үшін скринингтер, жүктілікті бақылау, профилактикалық егулер);
- уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда медициналық көмек (оның ішінде айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқаспен қатынаста болған адамдарды оқшаулау кезінде);
- мамандандырылған көмек көрсету кезінде дәрілік заттармен, сондай-ақ қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін аурулар тізбесіне сәйкес қамтамасыз ету. Сонымен қатар, белгілі бір аурулар мен жағдайлар бойынша диспансерлік есепте тұрған азаматтардың санаттары дәрі-дәрмектерді тегін ала алады.
ТМККК шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтер бойынша толық ақпаратпен сілтеме