Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық офтальмология ауруханасы" ШЖҚКМК
0

   

ТМККК және МӘМС-ға дәрілік көмек

ТМККК және МӘМС-ға дәрілік көмек

 

   

Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілер ел халқы белгілі бір аурулар болған кезде ТМККК және МӘМС қаражаты есебінен амбулаториялық деңгейде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сене алатынын регламенттейді. ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 тамыздағы №75 бұйрығымен бекітілген жай-күй атаулары мен дәрілік заттардың тізбесімен мыне жерден танысуға болады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшу ересектер мен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған тегін дәрілік заттардың тізімін едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді. Атап айтқанда, амбулаториялық тізбеге қосымша келесі ауруардың (жай-күй) атаулары енгізілді:

  • жұқпалы және паразиттік аурулар (Лайма ауруы, желшешек, микоз, токсоплазмоз және т.б);
  • ас қорыту ауруалары (Целиакия, тас ауруы, холецистит/холангит және т.б.);
  • эндокриндік бұзылулар (аминқышқылдарының тасымалдануының бұзылуы);
  • жүйке жүйесінің аурулары (Альцгеймер ауруы, бассүйек нервілерінің зақымдануы, Дюшен бұлшықет атрофиясы және т.б.);
  • көру органдарының қабыну және қабыну емес аурулары (жедел/созылмалы блефарит, конъюктивит, галукома және т.б);
  • қан айналымы жүйесінің аурулары (біріншілік өкпе гиперплазиясы, инфекциялық эндокардит және т.б)
  •  таныс алу органдарының аурулары (жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының жедел респираторлық инфекциялары, синусит, бадамша бездер және аденоидтардың аурулары, вазоматорлы және аллергиялық ринит).

Бүгінгі күні амбулаториялық деңгейде ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 347 атауы бойынша 49 аурулар (жай-күйлер), МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 265 атауы бойынша 79 аурулар (жай-күйлер) қамтамасыз етіледі.

Дәрі-дәрмектерді алу үшін пациент өзінің учаскелік дәрігеріне (медбикеге) баруы керек. Учаскелік дәрігер/медбике науқастың жағдайын бағалайды және қажет болған жағдайда дәрі-дәрмектерді алуға рецепт жазады. Рецептпен сіз жеке басын куәландыратын құжатпен емхананың дәріханасына баруыңыз керек.

2022 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 140,3 млрд теңге, оның ішінде МӘМС жүйесінде 45 млрд теңге қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде барлық дәрілік заттар тегін беріледі.


 

 

Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберіндегі нормативтік құқықтық актілер

Азаматтарды амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз ету ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы ҚР ДСМ-75 «Белгілі бір аурулары (жай - күйі) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығана жаңа редакцияда ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.02.2022ж. № ҚР ДСМ-11 (01.01.2022ж. бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.04.2022ж. № ҚР ДСМ -33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен өзгертілген өзгерістермен жүзеге асырылады.

НҚА тізбесі:

1. 2019 жылғы 30 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы №421 «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы» қаулысы;

3. Қазақстан Республикасы Өкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы №375 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулысы;

4. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №ҚР ДСМ-108/2020 «Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығы;

5. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы №ҚР ДСМ-149/2020 «Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, байқаудың мерзімділігі мен мерзімдерін, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы мен еселігі қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №ҚР ДСМ-210/2020 «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы №ҚР ДСМ-89 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» бұйрығы.

 


 

Науқастарға

Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде пациенттерге қызмет көрсететін медициналық ұйымдардың тізбесі төмендегі кестеде көрсетілген.


р/с

Облыс

Медициналық ұйымның саны

1

Ақмола облысы

27

2

Ақтөбе облысы

38

3

Алматы облысы

39

4

Алматы

80

5

Атырау облысы

22

6

ШҚО

26

7

Жамбыл облысы

28

8

БҚО

28

9

Қарағанды облысы

37

10

Қостанай облысы

33

11

Қызылорда облысы

24

12

Маңғыстау облысы

24

13

Нұр-Сұлтан

42

14

Павлодар облысы

31

15

СҚО

20

16

Түркістан облысы

42

17

Шымкент

44

18

Абай облысы

38

19

Ұлытау облысы

16

20

Жетісу облысы

16

 

Жалпы саны

655


Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарында амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікті дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен және мамандандырылған емдік өнімдермен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі. 

Дәрі-дәрмектермен тізім, МИ (сілтемені басыңыз).