Карантин кезінде Атырау тұрғындарына жұмысқа бару үшін, азық-түлік, күнделікті қажеттіліктер мен дәрі-дәрмектер алу үшін болмаса, үйден шығуға тыйым салынады. Міндетті түрде медициналық маска тағып шығуы тиіс. Не нәрсеге рұқсат етілгені және тыйым салынғаны туралы толығырақ «АЖ» материалынан оқыңыздар.
Енді полиция қызметкері сізді тоқтатып, қайда бара жатқаныңызды сұрауы мүмкін. Бұдан басқа, қалтаңызда жеке куәлігіңіз болуы керек, әйтпесе жеке басыңызды анықтау үшін сізді бөлімшеге алып кетуі мүмкін.
65 жастан асқан адамдарға оқшаулау режимін сақтау ұсынылады. Кәмелетке толмағандарға көшеде ата-анасыз жүруіне болмайды. Балалармен үйден 500 метрден аспайтын қашықтықта серуендеу керек және серуен 30 минуттан аспауы тиіс.
Бұдан басқа, адамдар көп жиналатын орындарға, саябақтарға, алаңдарға, жағалауға, спорт және балалардың ойын алаңдарына баруға тыйым салынады.
Қоғамдық орындарда бір отбасының мүшелері болмаса, үш адамнан көп болып топтасып жүруге тыйым салынады. Үй жануарларын серуендетуге тыйым салынбайды, бірақ үйден 500 метрден қашық шықпауы тиіс.
Осы ережелердің барлығы бірінші рет бұзылған жағдайда, полициядан ескерту алады, ал келесіде қайталанса, әкімшілік сот арқылы 26,5 мың теңге айыппұл салынады немесе 15 күнге дейін қамауға алынады. Айтпақшы, полициямен керісіп, олай етуге құқығыңыз жоқ деп қарсылық білдіретін болсаңыз, бұл ешқандай жақсылыққа әкелмейді: төтенше жағдай кезінде үкімет өкілінің заңды талабына бағынбау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
Карантинге байланысты ірі сауда орталықтары (онда орналасқан азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа), балабақшалар мен компьютерлік клубтар, саябақтар мен монша кешендері, сұлулық салондары мен шаштараздар, зат сататын және құрылыс базарлары, қоғамдық тамақтану орындары ( тамақты өзіңмен алып кету немесе тапсырыстарды жеткізу қызметтерін қоспағанда) уақытша жұмыс істемейді.
Күндіз қалада жаяу, жеке көлігіңізбен немесе таксимен жүре аласыз, бірақ сағат 19:00-ден кейін Атырау әкімдігі берген рұқсат қағазы болған жағдайда ғана шыға аласыз. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 57-бабының 9-тармағына сәйкес, төтенше жағдай режимі кезінде құқық бұзушылық жасау ауырлататын мән-жай болып табылады. Бұл сізді бірнеше күнге қамауға ала алады деген сөз. Сондықтан, кеште үйде болыңыз.
Материал https://azh.kz/kz/news/view/45648 сайтынан алынған