Хабарлама!
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» №405 Заңына сәйкес барлық азаматтар сақтандыру жарнасын төлеуге міндетті.
Бүгінгі таңда, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде Сіздің статусыңыз «сақтандырылмаған».
Демек, Сізге кез-келген уақытта профилактикалық медициналық тексерулерден өту, консультативтік-диагностикалық көмектерді қабылдау (қымбат зерттеулер, компьютерлік томография, ультра дыбыстық зерттеу және тағы басқа), жоғары мамандандырылған медициналық көмек (үй стационары, күндізгі стационар, тәулік бойы жұмыс істейтін аурухана), медициналық реабилитациядан өтуде кедергі келтіреді.
Сақтандырылмаған болсаңыз Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2020 жылғы 16 қазандағы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» №672 Қаулысы негізінде мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек пакетінде медициналық көмекке құқығыңыз бар. Яғни, учаскелік дәрігер, педиатр, жалпы практика дәрігері мамандарының қабылдауы, дәрігерді үйге шақыру, жедел жәрдем, емхана мен стационар деңгейіндегі шұғыл көмек, әлеуметтік маңызы бар, жұқпалы ауруларды, онкологиялық ауруларды емдеу осы пакетке кіреді және сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлығына көрсетіледі.
Өз статусыңызды қалай тексеруге болады?
- 1414 байланыс орталығы арқылы;
- Қордың fms.kz ресми сайты арқылы;
- Телеграмм каналындағы https://t.me/SaqtandyryBot арқылы;
- Ұялы телефонға Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасын арқылы;
- Damumed мобильдік қосымшасы арқылы;
- kz жеке кабинетте «Денсаулық сақтау» бөлімі арқылы.
Өз статусыңызды «Сақтандырылғанға» қалай ауыстыруға болады?
1) Егер Сіз келісім шарт негізінде жұмыс жасасаңыз, немесе жалдамалы жұмысшы болсаңыз, онда ай сайын жалақыңыздың 3% жұмыс берушінің жалақы қорынан және табысыңыздың 2% қорға аударылады.
2) Егер жеке кәсіпкер, шаруа қожалығының иесі болсаңыз, ай сайын ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5%, яғни 4900 теңге қорға аудару қажет.
3) Егер дербес (тәуелсіз) төлеуші болсаңыз, онда ай сайын ең төменгі жалақының 5%, яғни 3500 теңге жарна төлеу қажет.
Сақтандырылу үшін не жасау керек, неше айға дейін жарна төлеу қажет?
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының
5 бабына сәйкес, Сіз жеке кәсіпкер, жалдамалы қызметкер не дербес төлеуші болсаңыз соңғы 12 айда аударымдар (төлемдер) болуы қажет.
Егер бір немесе бірнеше ай ішінде аударымдар (төлемдер) болмаса, төлем жасалмаған айлар үшін төлеу керек немесе жұмыс берушіңізге барып, бар қарызды өтеуді сұрау керек.
Сақтандырылу үшін соңғы 12 ай емес, алдағы 12 айға төлеуге болады ма?
Болады, яғни сақтандыру мәртебесін алу үшін алдын ала 12 айға төлем жасауға мүмкіндік береді.
Дербес төлеушілер үшін 12 ай алға жарналарды төлеп, жыл бойы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тізбесіндегі медициналық көмекті алуға болады.
12 ай алға төлеген соң өткен айларға берешектер шегеріледі.
Жарналарды төлеу әдістері қандай?
- Екінші деңгейлі банктер және олардың қосымшалары арқылы
- Казпочта АҚ филиалдары арқылы.
- Kassa 24, QIWI терминалдары арқылы жарналарды төлеуге болады.
МӘМС жүйесі бойынша қосымша сұрақтарды қайда қоюға болады?
- Тәулік бойы жұмыс жасайтын 1414 байланыс орталығына соғу арқылы;
- Ұялы телефонға Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасын жүктеу арқылы;
- Қордың fms.kz ресми сайты арқылы.